Accessibility links

АҚШ Йемендегі "Әл-Қаидамен" күресе береді


Йемен астанасы Санадағы атыс сәті. 19 қаңтар 2015 жыл.
Йемен астанасы Санадағы атыс сәті. 19 қаңтар 2015 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама Йемендегі қиын жағдайға қарамастан "Әл Қаида" тобына қарсы операцияны тоқтатпайтынын мәлімдеді. Ол АҚШ-тың Йеменге әскер кіргізу жоспарынан бас тартпайтынын да айтты.

2014 жылы күзде АҚШ пен Йемен исламшыл содырлармен бірігіп күресу туралы келісімге келген. Бірақ АҚШ-тың бірнеше заң шығару органдары президент шешіміне күдік келтіріп, қарсылық білдірген. Бұл қарсылыққа қарамастан АҚШ-тың ұшқышсыз ұшақтары Йемен билігінің рұқсатымен осы елдегі террористер шоғырланған аймақтарды бомбалаған. Кейін жағдай ушығып, өткен аптада Йемен президенті Абд Раббу Мансур Хади отставкаға кететінін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG