Accessibility links

Жалал-Абадта Charlie Hebdo карикатурасына наразы болды


Жалал-Абадтағы қарсылық шарасы. 26 қаңтар 2015 жыл
Жалал-Абадтағы қарсылық шарасы. 26 қаңтар 2015 жыл

26 қаңтарда Қырғызстанның Жалал-Абад қаласында кем дегенде 2500 адам Мұхаммед пайғамбардың карикатурасын жариялаған Charlie Hebdo журналына қарсы ұйымдастырылған шараға қатысты.

Шараны ұйымдастыруға қала әкімдігі рұқсат берген. Қарсылық шарасына шыққандар қолдарына қырғыз, араб, ағылшын және өзбек тілдерінде "Мен пайғамбарымды сүйемін", "Біздің пайғамбардан қолыңды тарт", "Мен мұсылманмын, мен терроризмге қарсымын" деген плакаттар ұстап шықты.

Елде бұған дейін Charlie Hebdo карикатурасына қарсы Бішкек пен Ошта да қарсылық шаралары ұйымдастырылған.

XS
SM
MD
LG