Accessibility links

Беларусь әскери жағдай туралы заңына өзгеріс енгізді


Беларусь президенті Александр Лукашенко.
Беларусь президенті Александр Лукашенко.

Беларусьте заңға ел аумағында қарулы топтардың, тұрақты шетел әскерінің немесе уақытша қарулы күштердің пайда болуын агрессия деп тану туралы өзгеріс енгізілді. Сарапшылардың пікірінше, президент Александр Лукашенко осы арқылы Ресейге Беларусьте "Қырым сценарийін" қолданбауды ескерткісі келеді.

Ресей өткен жылдың басында Қырымды заңсыз аннексиялап алғанға дейін түбекке бақылау орнату үшін айырым белгісі жоқ әскери формадағы қарулы адамдарды жөнелтіп, жақын серіктерінің де үрейін алған. Кейін ол қарулы адамдар "кішкентай жасыл адам" деген атауға ие болған.

Ресей Қырымды аннексиялаған соң Шығыс Украинада басталған қарулы қақтығысқа әскер жөнелткенін жоққа шығарып келеді.

XS
SM
MD
LG