Accessibility links

БҰҰ: Мариупольдің атқылануы - әскери қылмыс


Зымыран шабуылынан қаза тапқандарды жерлеу. Мариуполь, 26 қаңтар 2015 жыл.

Зымыран шабуылынан қаза тапқандарды жерлеу. Мариуполь, 26 қаңтар 2015 жыл.

Мариупольдегі тұрғын үй кварталдарының өткен аптаның соңында зымыраннан атқылануы әскери қылмыс болып саналады деп мәлімдеді БҰҰ бас хатшысының орынбасары Джеффри Фельтман қаңтардың 26-сы күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің арнайы шақырылған жиынында.

Фельтман снарядтар түскен орындарды тексерген ЕҚЫҰ сарапшылары зымырандардың ресейшіл сепаратистер бақылауындағы территориядан атылғанын анықтаған дейді.

Оның сөзінше, шабуылдан "арасында әйелдер мен балалар бар ондаған адам қаза тауып," жүзден аса адам жараланған. "Біз кінәлілердің сотқа тартылуын және жазалануын талап етеміз. Біз Ресей басшылығын өз ықпалын пайдаланып, сепаратистерді жаулық әрекеттерін дереу тоқтатуға көндіруге шақырамыз" деді Фельтман.

Ресейдің БҰҰ-дағы өкілі Виталий Чуркин қақтығыстың ушығуына алаңдаушылық білдіріп, Киевті Шығыс Украинадағы сепаратистермен тікелей келіссөз жүргізуден бас тартты деп кінәлады. АҚШ-тың БҰҰ-дағы елшісі Саманта Пауэр "кінәні украин тарапына аударып, халықаралық қауымдастықты ақымақ көреді" деп Мәскеуді сөкті.

"Мариупольге шабуыл Мәскеуден жоспарланған. Шабуылды Ресей дайындап, қаржыландырып отырған сепаратистер жасап отыр. Сепаратистер ресейлік танкілер мен зымырандарды пайдаланады, оларға Ресей әскері қолдау көрсетеді" деп мәлімдеді Саманта Пауэр.

XS
SM
MD
LG