Accessibility links

Алтын шикізатын экспорттауға тыйым ұзартылды


Құйылған алтын. (Көрнекі сурет)
Құйылған алтын. (Көрнекі сурет)

Қазақстаннан құрамында алтыны бар шикізатты тасымалдауға салынған тыйым мерзімі 2015 жылдың соңына дейін ұзартылды деп хабарлады бүгін инвестиция және даму вице-министрі Альберт Рау.

Мәжілісте журналистер сұрағына жауап берген Рау "Қазір үкіметтің алтыны бар шикізатты сыртқа шығаруға салған уақытша тыйымы бар. Біз оны ұзартып жатырмыз. Бірақ Ресейге алтыны бар шикізатты шығаруға тыйым салынбайды. Сондықтан Ресейде орналасқан кейбір кәсіпорындар, еншілес компаниялар алтыны бар шикізатты Ресейге тасымалдай алады" деген.

Раудың сөзінше, Қазақстанда алтын шикізаты "Қазмырыш", "Қазақмыс" компанияларында және Астанада өнеркәсіптік жолмен қайта өңделеді.

XS
SM
MD
LG