Accessibility links

Францияда террорға қарсы шарада 4 адам ұсталды


Францияның арнайы қызмет жасағының күдікті адамды ұстаған сәті. Париж, Франция, 16 қаңтар 2015 жыл.
Францияның арнайы қызмет жасағының күдікті адамды ұстаған сәті. Париж, Франция, 16 қаңтар 2015 жыл.

Францияның оңтүстігіндегі Люнель қаласында бүгін арнайы қызмет жасақтары исламшыл содырларға қарсы операция барысында күдікті төрт адамды ұстаған. Полициядағы дереккөздің айтуынша, ұсталғандардың екеуі Сириядан оралған. Midi Libre басылымының хабарлауына қарағанда, төрт адам GIPN арнайы жасағы жүргізген тексеру барысында ұсталған.

Жергілікті ақпарат құралдары бұған дейін Францияның оңтүстігіндегі Монпелье қаласынан шығысқа қарай орналасқан Люнель қаласынан 20-ға тарта жас жігіт Сирияға кетті деп хабарлаған еді. Қазан айынан бері Сирияға кеткен 18 бен 30 жас аралығындағы азаматтарың алтауы оққа ұшқан деп хабарланды.

Қаңтардың 7-сінде Парижде сатиралық Charli Hebdo журналы редакциясына жасалған шабуыл мен одан кейінгі операциялардан соң Еуропа елдерінде қауіпсіздік шаралары күшейтілген.

XS
SM
MD
LG