Accessibility links

Қазақстанда былтыр 2500-дей адам жол апатынан өлген


Қазақстан жолдарының бірінде болған жол апаты (Көрнекі сурет)
Қазақстан жолдарының бірінде болған жол апаты (Көрнекі сурет)

Қазақстан бас прокуратурасы мәлімдеуінше, 2014 жылы елде 20378 жол апаты тіркелген. Ол апаттардан 2500-ден астам адам мерт болып, 28527 адам жарақат алған. Қаза тапқандардың 232-сі - кәмелетке толмаған балалар.

Ең көп жол апаты Алматы қаласында (5588), Оңтүстік Қазақстан (3370) мен Алматы облыстарында (1834) тіркелген.

Бас прокуратураның мәлімдеуінше, Қазақстанда 2013 жылмен салыстырғанда 2014 жылы жол апаты 14 пайызға, жол апатынан қаза тапқандар саны 13 пайызға азайған.

XS
SM
MD
LG