Accessibility links

Баку соты Азаттық тілшісін қамау уақытын созды


Азаттықтың Әзербайжан қызметінің тілшісі Хадиджи Исмаилова
Азаттықтың Әзербайжан қызметінің тілшісі Хадиджи Исмаилова

27 қаңтарда Бакудегі Сабаил аудандық соты Азаттықтың Әзербайжан қызметінің тілшісі Хадиджа Исмаилованы қамау мерзімін екі айға созды.

Хадиджа Исмаилова 2014 жылдың желтоқсанында осы аудандық соттың шешімімен "адамды өз өзіне қол жұмсауға итермеледі" деген айыппен екі айға қамауға алған еді.

Исмаилованың жақтастарының пайымдауынша, іс саясиланған. Исмаилова қамалардан бұрын Әзербайжан президенті әкімшілігінің жетекшісі Рамиз Мехтиев журналисті опасыздық жасады деп айыптаған еді.

2014 жылдың желтоқсанда Әзербайжан үкіметі Азаттықтың Бакудегі бюросын жауып тастаған. Ал журналистерді бірнеше рет тергеуге шақырған.

Әзербайжан билігінің бұл әрекетін Еуропа Одағы мен АҚШ өкілдері сынап шыққан.

XS
SM
MD
LG