Accessibility links

АҚШ сенаторлары Иранға жаңа санкциядан бас тартты


АҚШ сенаты халықаралық істер комитетінің төрағасы Роберт Менендес.
АҚШ сенаты халықаралық істер комитетінің төрағасы Роберт Менендес.

АҚШ сенатының 10 мүшесі Иранға қарсы жаңа санкциялар салуды қарастыратын заң жобасын қолдаудан бас тартты.

Жобаны ұсынғандар - сенаттың халықаралық істер комитетінің төрағасы, демократиялық партия өкілі Роберт Менендес бастаған сенаторлар. Олар президент Барак Обамаға хат жазып, Иранға қарсы жаңа санкция салу ұсынысын наурыз айының соңына дейін ысыра тұратындарын хабарлаған. Менендес бұл туралы қаңтардың 27-сінде өткен сенат отырысында мәлімдеді.

Оның сөзінше, хат авторлары аталған заң жобасын Иранның ядролық бағдарламасын шектеуге қатысты "алдын-ала келісім жасалмаған жағдайда ғана" қолдайтын болады.

Сенаторлар Иранмен келіссөзде дипломатиялық шешім шығарына үміттенсе де, Тегеранның ядролық бағдарламасы бейбіт мақсатқа құрылғанын дәлелдеуге дайын екеніне күмәнмен қарайды. АҚШ президенті Барак Обама бұған дейін Иранмен келіссөз жалғасып жатқан тұста кез-келген санкцияға вето қоятынын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG