Accessibility links

Обама мен Меркель Украина жағдайын талқылады


Гермнаия канцлері Ангела Меркель (сол жақта) мен АҚШ президенті Барак Обама.

Гермнаия канцлері Ангела Меркель (сол жақта) мен АҚШ президенті Барак Обама.

АҚШ президенті Барак Обама мен Германия канцлері Ангела Меркель телефонмен сөйлесіп, Шығыс Украинадағы жағдайды талқылады.

Ақ үйдің хабарлауынша, Обама Меркельмен Үндістан мен Сауд Арабиясына сапарынан оралған соң сөйлескен. Обама мен Меркель Шығыс Украинадағы жағдайдың шиеленісуіне алаңдап, Ресейді сепаратистерді қолдап отырғаны және Минск бейбіт келісімінің талаптарын орындамағаны үшін жауапқа тарту қажеттігін айтқан. Екі мемлекет жетекшілері бұған қоса Украинаға қаржылай көмек беруді жалғастыра беру қажет деген тоқтам жасаған.

Соңғы апталарда Донбаста украин әскері мен ресейшіл сепаратистер арасында қақтығыс күшейіп, ондаған адам мерт болған.

Қаңтардың 27-сінде Еуропа Одағы (ЕО) басшылары одаққа мүше елдердің сыртқы істер министрлерін Ресейге қарсы жаңа санкция салу жайын қарастыруды сұраған. Санкция салу туралы нақты шешім ЕО елдері басшыларының келесі айда өтетін саммитінде белгілі болу мүмкін.

XS
SM
MD
LG