Accessibility links

Тұңғыш конституция қабылданғанына 22 жыл толды


Қазақстан конституциясы макетін күзетіп тұрған сарбаз. (Көренкі сурет)
Қазақстан конституциясы макетін күзетіп тұрған сарбаз. (Көренкі сурет)

Бұдан жиырма екі жыл бұрын, 1993 жылы қаңтардың 28-і күні Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы конституциясын қабылдаған еді. Оған дейін Қазақстанда 1978 жылы қабылданған Қазақ ССР конституциясы қолданыста болған.

Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы конституциясының түпкілікті жобасы 12-шақырылымдағы Жоғарғы кеңестің 9-сессиясында қабылданған. Құжатта алғаш рет мемлекет тәуелсіздігі, биліктің бөліну принциптері, қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесі, президентті мемлекет басшысы деп тану сияқты құқықтық нормалар енгізілді. Конституция бойынша тәуелсіз сот органдары - Жоғарғы сот, Конституциялық сот және Жоғарғы арбитраждық сот құрылды.

1993 жылғы конституция бойынша Қазақстан парламенттік республика атанған. Бұған қоса, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында биліктің атқарушы және заң шығарушы тармақтарының өкілетіне қатысты өткір саяси дискуссиялар болған. Бұл конституциялық дағдарысқа және 12-шақырылымдағы Жоғарғы кеңес пен халық депутаттары кеңесінің өзін-өзі таратуына әкелді. Одан кейін сайланған 13-шақырылымдағы Жоғары кеңес 1995 жылы наурыз айында Конституциялық сот шешімімен таратылды.

Қазақстанның қазіргі конституциясы 1995 жылы тамыздың 30-ы күні бүкілхалықтық референдумда қабылданды. Ол бойынша Қазақстанда басқарудың президенттік формасы мен екі палатадан тұратын парламенттік жүйе орнықты. Бұл конституция қабылданғаннан бері оған үш рет - 1998, 2007 және 2011 жылдары өзгерістер мен түзетулер енгізілді.

XS
SM
MD
LG