Accessibility links

"Туыстарын Сирияға жіберген" күдікті қырғыз ұсталды


Ислам мемлекетінің мүшесі Ракка қаласында ұйым туын ұстап тұр. 30 маусым 2014 жыл
Ислам мемлекетінің мүшесі Ракка қаласында ұйым туын ұстап тұр. 30 маусым 2014 жыл

28 қаңтарда Қырғызстанда "бес туысқанын Сирияға жіберді" деген күдікпен ер адам тұтқындалды.

Шу облысы полициясының басшысы Нурбек Токтосуновтың айтуынша, 29 жастағы ер адам әкесін, екі ағасын, келінін және қарындасын Сирияның Ракка қаласына "Ислам мемлекеті" содырлар ұйымының қатарына жіберген. Күдікті өзі елде қалып, ИМ-ге Қырғызстаннан адам жинау әрекетімен айналысқан деп айыпталады. Оның үйінен діни мазмұндағы кітаптар, парақшалар, дискілер табылды деп хабарланды.

27 қаңтарда қырғыз үкіметі елдің оңтүстінде "Хизб-ут-Тахрир" ұйымына қатысы бар деген күдікпен үш әйелді тұтқындаған.

Ал 26 қаңтарда Ош облысының полициясы "экстремистік топ мүшелері" деп сипатталған 6 адамды ұстаған. Полицияның дерегі бойынша, ұсталғандардың төртеуі - Сириядағы лагерьлердің бірінде әскери дайындықтан өткен.

XS
SM
MD
LG