Accessibility links

Теміртауда алғашқы кондомат орнатылды


Теміртауда орнатылған алғашқы кондомат. 28 қаңтар 2015 жыл.
Теміртауда орнатылған алғашқы кондомат. 28 қаңтар 2015 жыл.

Теміртауда үш жарым мың студент оқитын политехникалық колледж жатақханасына презерватив (мүшеқап) сататын аппарат - кондомат қойылды деп хабарлайды Азаттық тілшісі. Аппарат 200 теңгеге бірден үш презерватив береді.

Жергілікті СПИД орталығы мамандарының айтуынша, кондомат коммерциялық мақсатта қойылмаған. Кондоматтан түскен ақшаға қайтадан презерватив сатып алынады.

- Қарағанды облысында мұндай аппарат бірінші рет орнатылып отыр. Қазір облыста, әсіресе Теміртауда эпидемиологиялық ахуал күрделі, - дейді Қарағанды облыстық СПИД орталығы жетекшісі Бейбіт Сағымбаев.

Дәрігерлердің сөзіне қарағанда, кондомат жыныстық жолмен жұғатын аурулардың таралуын тоқтатып, жоспарланбаған жүктілікті болдырмау үшін қойылған. СПИД орталығы дәрігерлерінің айтуынша, Теміртауда алдағы уақытта тағы бірнеше кондомат орнатылмақ.

XS
SM
MD
LG