Accessibility links

"Терроризмді насихаттаушы" ақтаулық сотталды


Ұялы телефонға арналған WhatsApp қосымшасы. (Көрнекі сурет).

Ұялы телефонға арналған WhatsApp қосымшасы. (Көрнекі сурет).

Ақтау қалалық соты жергілікті әйел тұрғынды ұялы телефоннан WhatsApp желісі арқылы "терроризмді насихаттады" деп айыптап, төрт жылға соттады.

Тергеу материалдары бойынша, Ақтаудың 27 жастағы тұрғын WhatsApp желісі арқылы "халықаралық терроршылардың әрекетін ақтайтын" хабарлама таратқан. Сотталушының аты-жөні жарияланбады.

Тергеу деректеріне сай, айыпталушы Сириядағы үкімет әскерімен соғысып жатқан халықаралық терроршы ұйымдар мүшелерінің іс-әрекетін ақтайтын "аудиожазбалар" жасаған.

Айыпталушы сотта айыбын ішінара мойындаған деп хабарланды. Үкім бойынша сотталушы жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейді.

XS
SM
MD
LG