Accessibility links

Блаттер - ФИФА президенттігіне кандидат


ФИФА президенті Йозеф Блаттер Мароккодағы баспасөз мәслихатында. Марракеш. 19 желтоқсан 2014 жыл.

ФИФА президенті Йозеф Блаттер Мароккодағы баспасөз мәслихатында. Марракеш. 19 желтоқсан 2014 жыл.

Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) басшысы Йозеф Блаттер ұйым президенттігіне өз кандидатурасын қайта ұсынатынын ресми түрде мәлімдеді. Ол 29 қаңтарда Twitter-парағында: "Бүгін - сайлау күнтізбесіндегі маңызды күн. Мен өз кандидатурамды ұсындым" деп жазды.

Португалия құрамасының ойыншысы Луиш Фигу, Голландия футбол федерациясы президенті Майкл Ван Прааг, Иордания ханзадасы Әли Бин Әл-Хусейн, ФИФА бас хатшысының орынбасары Жером Шампань, Франция құрамасының бұрынғы ойыншысы Давид Жинола да ФИФА басшысы болуға кандидатураларын ұсынған.

Сайлау 2015 жылы мамырда өтеді. 78 жастағы Йозеф Блаттер ФИФА-ны 1998 жылдан бері басқарып келеді.

2018 және 2022 жылғы әлем чемпионаттарын өткізу құқығын Ресей мен Катар жеңіп алған соң Батыс басылымдары ФИФА-ны "кандидаттарды таңдау кезінде коррупцияға жол берді" деп айыптаған.

XS
SM
MD
LG