Accessibility links

ЕО Ресейге қарсы санкцияны ұзартты


ЕО-ның сыртқы саясат жөніндегі комиссары Федерика Могерини сыртқы істер министрлерінің жиынына төрағалық етіп отыр. Брюссель, 29 қаңтар 2015 жыл.
ЕО-ның сыртқы саясат жөніндегі комиссары Федерика Могерини сыртқы істер министрлерінің жиынына төрағалық етіп отыр. Брюссель, 29 қаңтар 2015 жыл.

Еуропа Одағы (ЕО) елдері Украина шығысында қақтығыстың жалғасып жатқанына байланысты Ресей мен ресейшіл сепаратистерге қарсы санкцияны қыркүйек айына дейін ұзартуға келісіп, шектеу шараларын күшейту жоспарын жасады.

ЕО-ның сыртқы саясат жөніндегі комиссары Федерика Могерини, одаққа мүше елдердің сыртқы істер министрлері қаңтардың 29-ында Брюссельде өткен төтенше жиында санкциялар мерзімін алты айға ұзартып, Ресейге қарсы бұдан ары да шаралар қабылдауға дайын екендерін білдірді.

Санкцияны ұзартуға ЕО-ға мүше 28 мемлекет, оның ішінде қаңтардың 28-індегі кездесуде қарсы болған Грекия да келісті.

Ақпанның 12-сінде ЕО саммиті өтіп, онда Ресей билігі Украина шығысындағы сепаратистер өкілдеріне қарсы жаңа шектеу шараларын енгізу жайы талқыланбақ.

Ресейге қарсы санкцияны күшейту туралы ұсыныстар өткен аптада Украинаның Мариуполь қаласы зымыранмен атқыланып, шабуыл кесірінен 30 адам қаза тауып, ондаған адам жараланған соң айтыла бастаған.

XS
SM
MD
LG