Accessibility links

Әзербайжандық журналист "бұзақылық" айыбымен сотталды


Әзербайжанның Абшерон аудандық соты қаңтардың 29-ында журналист Сеймур Хезиді "бұзақылық жасады" деп айыптап, бес жылға соттады.

Сеймур Хези - оппозицияшыл "Азадлик" газетінің тілшісі, тележүргізуші және оппозициялық "Халық майданы" партиясының мүшесі. Журналист өткен жылдың тамызынан бері қамауда отырған.

Сеймур Хезидің әкесі соттың "тек саяси тапсырысты орындағанын" айтады. Журналистің адвокаты сот үкіміне шағым бермек ниетте.

2011 жылы Хезиді белгісіз біреулер ұрлап әкетіп, соққыға жығып, оның оппозициялық әрекетпен айналыспауын талап еткен.

Human Rights Watch халықаралық құқық қорғау ұйымы адам құқықтары жайындағы жыл сайынғы есебінде Әзербайжан билігі өткен жылы "үкіметті сынайтындарға" қарсы қуғынды күшейтті деген. Ұйым дерегінше, елде "онсыз да нашар адам құқықтарының жай-күйі бұрынғыдан да төмендеген". Human Rights Watch өткен жылы 33 саяси белсенді, журналист, құқық қорғаушы мен блогер саяси мақсатта тағылған айыптар бойынша түрлі жаза алып, сотталғанын айтады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG