Accessibility links

Ұлыбритания: Ресей бомбалаушылары әуе кеңістігімізді бұзды


Ресейдің ТУ-95 бомбалаушы ұшағы. (Көрнекі сурет).

Ресейдің ТУ-95 бомбалаушы ұшағы. (Көрнекі сурет).

Ұлыбритания билігі Ресейдің алыс қашықтыққа ұшатын екі ТУ-95 бомбалаушы ұшағы азаматтық әуе қатынасы кеңістігін бұзып, Ла-Манш бұғазы үстінен ұшып өткенін хабарлады. Ұлыбритания сыртқы істер министрлігі Ресей елшісін шақыртып, қаңтардың 28-інде ұшақтардың британ әуе кеңістігіне жақын ұшу оқиғасына қатысты түсінік беруін сұраған.

Ұлыбритания сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, билік аталған оқиғадан соң азаматтық ұшақтардың маршрутын өзгертуге мәжбүр болған. Әуеге "Тайфун" жойғыш ұшақтары көтеріліп, ресейлік ұшақтарды Ұлыбританияға қатысты әуе кеңістігінен кетіп қалғанша қақпайлап жүрген. Сыртқы істер министрлігі бұл оқиғаны Ресей әскери-әуе күштерінің соңғы кездері "өз территориясынан тыс жерде операция жүргізу әрекеттерінің бірі" деп бағалады.

Украинадағы дағдарысқа байланысты шиеленістен кейін Ресей әскери-әуе күштері флоты белсенділігінің артқаны жайлы бұған дейін НАТО да мәлімдеген.

СССР-дың бұрынғы басшысы Михаил Горбачев Украинадағы соғысқа байланысты Ресей мен батыс елдері арасындағы қайшылық ушыға түсуі мүмкін деп қауіптенеді.

XS
SM
MD
LG