Accessibility links

Полиция: "Көлік жүргізген оқушы" видеосы тексерілуде


Қарағанды қалалық жол полициясы интернетте пайда болған «Lexus мінген оқушы» туралы видеоны зерттеп жатыр. Бұл туралы қалалық ішкі істер басқармасы жол полициясы баспасөз қызметінің қызметкері Айман Смағұлова Азаттыққа хабарлады.

- Ол видеодан хабардармыз. Қазір зерттеп жатырмыз. Басқа ештеңе айта алмаймыз, - деді Смағұлова Азаттық тілшісіне.

Қаңтардың 28-і күні Youtube желісінде "lexter890" есімді аккаунт иесі мектептен «Lexus» көлігімен қайтып бара жатқан оқушы" туралы видео жариялаған еді. Бірнеше күннің ішінде видео 75 мыңнан астам рет көрілген.

Видеода шамамен рюкзак асынған қыз бала Lexus көлігіне келіп, есігін ашып сөмкесін қояды. Сәлден соң оның жанына бала көтерген бір әйел келіп, екеуі біраз сөйлескеннен кейін оқушы қыз көліктің алдыңғы жақ жүргізуші орнына отырады. Ал жанындағы балалы әйел қасына отырады. Осылайша оқушы қыз көлікті айдап кетеді. Видеоны салған адам оқиғаның Қарағанды қаласында болғанын көрсеткен. Дегенмен, оқиғаның қай қалада, қашан болғаны нақтыланған жоқ.

  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG