Accessibility links

Генерал Жоламановтың соты шегерілді


ҰҚК шекара қызметінің бұрынғы басшысы Нұрлан Жоламанов сотта отыр. Астана, 26 қаңтар 2015 жыл.
ҰҚК шекара қызметінің бұрынғы басшысы Нұрлан Жоламанов сотта отыр. Астана, 26 қаңтар 2015 жыл.

"Қазақстан қлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің бұрынғы басшысы Нұрлан Жоламановтың ісі бойынша сот отырысы айыпталушының денсаулығына байланысты кейінге шегерілді" деп хабарлайды жергілікті агенттіктер.

Бүгін сотта Нұрлан Жоламанов судьядан қан қысымы көтерілуіне байланысты сот отырысын кейінге қалдыруды сұраған. Сотқа қатысып отырған дәрігерлер Жоламановты тексеріп, қан қысымы көтерілгенін анықтаған.

Сот Жоламановтың жағдайын ескеріп, отырысты ақпанның 2-сіне қалдырды.

Нұрлан Жоламановтың соты қаңтардың 26-сы күні басталған. Оған "пара алды" және "ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, басқарды" деген айыптар тағылған. Жоламанов өзіне тағылған айыпты "саяси тапсырыс" деп атап, мойындаудан бас тартты.

XS
SM
MD
LG