Accessibility links

Сепаратистер: Дебальцевода украин әскерін қоршап тұрмыз


Өзін-өзі жариялаған "Донецк халық республикасының" жетекшісі Александр Захарченко (ортада). Донецк, 22 қаңтар 2015 жыл.
Өзін-өзі жариялаған "Донецк халық республикасының" жетекшісі Александр Захарченко (ортада). Донецк, 22 қаңтар 2015 жыл.

Ресейшіл сепаратистер жетекшілерінің бірі Александр Захарченко Донецк облысындағы Дебальцево қаласы маңында украин әскерін қоршауға алғанын мәлімдеді. Ол үкімет күштерінен қаруын тастап берілуді талап етіп, болмаса қырып тастайтынын ескертті.

Ресейлік "РИА Новости" агенттігінің хабарлауынша, Захарченко бүгін украин әскері қаруын тастаса, өмірлеріне қол сұғылмайтынын ескерткен.

Захарченконың мәлімдемесі бүгін Минскіде өтетін Украина дағдарысына қатысты Украина, Ресей, сепаратистер және ЕҚЫҰ өкілдерінің кездесуі қарсаңында жасалып отыр.

Александр Захарченко қаңтардың 23-інде сепаратистер Донецк облысының тұтас территориясын басып алатындарын және украин әскерімен ешқандай келісім жасаспайтынын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG