Accessibility links

Триполидегі теракті құрбандары арасында қырғыз азаматтары да бар


Ливия қауіпсіздік үкштері мен құтқарушылары Corinthia қонақүйі маңында жүр. Триполи, 27 қаңтар 2015 жыл.

Ливия қауіпсіздік үкштері мен құтқарушылары Corinthia қонақүйі маңында жүр. Триполи, 27 қаңтар 2015 жыл.

Ливия астанасы Триполиде қаңтардың 27-сінде Corinthia қонақүйіне жақын дипломатиялық кварталда болған көлік жарылысынан Қырғызстанның үш азаматы қаза тапты. Бұл жайында Азаттыққа Қырғызстан азаматтық авиация агенттігі директоры Еркін Исаков хабарлады.

Исаковтың айтуынша, қаза тапқандар - жолсерік Галина Колосветова, Гүлзина Бешбакова және авиатехник Замирбек Бекетаев. Бұл үшеуі де S.Group International әуе компаниясының "Стамбул-Триполи" рейсінде жұмыс істеген.

S.Group International - өзінің Airbus A-320-200 ұшақтарын ливиялық Buraq Air компаниясына жалға беретін қырғызстандық компания.

Қаңтардың 27-сіндегі терактіде миналанған жүк көлігі жарылған. Бір топ жанкешті террорист қонақүйге кіріп барып, жарылғыш затты іске қосқан. Жарылыстан 12 адам қаза тапқан, оның төртеу жанкештілер.

Терактіні радикалды "Ислам мемлекеті" ұйымы мойнына алды.

XS
SM
MD
LG