Accessibility links

Универсиада-2015. Қазақстан тағы екі күміс алды


2015 жылғы қысқы универсиаданың эмблемасы
2015 жылғы қысқы универсиаданың эмблемасы

Осрбльеде (Словакия) өтіп жатқан Қысқы универсиадада әйелдер арасында шаңғыдан 3х5 километрлік эстафетада Қазақстан әйелдер құрамасы (Анна Стоян, Виктория Ланчакова және Анастасия Слонова) күміс медаль иеленді. Эстафетада алтынды - Ресей, қоланы Франция қыздары алды.

Биатлоннан құрамында Галина Вишневская, Анна Кистанова, Максим Браун және Василий Подкорытов бар Қазақстан құрамасы аралас эстафетада екінші орынды иеленді. Бұл жарыста да алтынды Ресей иеленді.

Қазір Қазақстан жалпы есеп бойынша ​екі алтын және екі күміспен Ресейден кейін екінші орында тұр.

Биылғы қысқы универсиада Осрблье мен Гранадада (Испания) өтіп жатыр. Словакияда шаңғы, биатлон жарыстары, Испанияда шорт-трек, хоккей, коньки, фристайл, тау шаңғысы, сноуборд жарыстары ұйымдастырылады.

25 қаңтарда басталған Қысқы универсиада 14 ақпанда аяқталады.

XS
SM
MD
LG