Accessibility links

Бордюжа: ҰҚШҰ техникасы Қазақстанда жасалуы мүмкін


ҰҚШҰ бас хатшысы Николай Бордюжа. Бішкек, 10 қазан 2013 жыл.

ҰҚШҰ бас хатшысы Николай Бордюжа. Бішкек, 10 қазан 2013 жыл.

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы (ҰҚШҰ) бұған дейін Украинада шығарылып келген әскери техниканы қазақстандық зауыттарда жасап шығару жайын қарастырып жатыр деп мәлімдеді 30 қаңтарда ұйым бас хатшысы Николай Бордюжа.

Оның сөзінше, ҰҚШҰ-ның әскери-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссиясы туралы ережеде ұйымға мүше елдердің әскери техника мен құрылғыларды жасау мүмкіндіктерін барынша пайдалану қарастырылған.

"Мұндай мүмкіндіктер Қазақстанда да бар. Бүгін біз екі зауытты импорт алмастыру бағдарламасында пайдалану жағын талқылаймыз. Мұндай мүмкіндіктер Беларусьте, Армения мен Қырғызстанда да бар" деді Бордюжа.

XS
SM
MD
LG