Accessibility links

Керри келесі аптада Киевке барады


АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри алдағы аптада Украинаға сапармен барып, елдің шығысында ресейшіл сепаратистерге қарсы күресіп жатқан ресми Киевке қолдау білдірмек.

АҚШ мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Джен Псакидің айтуынша, ақпанның 5-і күні Керри Украинаның атқарушы және заң шығаруы билік тармақтарының өкілдерімен кездеседі.

Сол күннің ертесінде АҚШ мемлекеттік хатшысы Германияның Мюнхен қаласында өтетін қауіпсіздік жөніндегі халықаралық конференцияға қатысады.

Бұған дейін Керри осы сапары кезінде Мәскеуге баруы мүмкін деген болжам айтылған еді. Бірақ, Джен Псакидің айтуынша, сапар бағдарламасында Ресейге соғу қарастырылмаған. Әйткенмен, Мюнхен конференциясына Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров та баратындықтан, Керри онымен жиын кезінде жеке кездесіп «бірқатар мәселелерді талқылайды» деп хабарланды.

XS
SM
MD
LG