Accessibility links

Венада оңшыл партияға қарсы шеру өтті


Хофбург сарайы алдында өткен наразылық шеруі. Вена, 30 қаңтар 2015 жыл.

Хофбург сарайы алдында өткен наразылық шеруі. Вена, 30 қаңтар 2015 жыл.

Жұма күні кешке Вена қаласындағы Хофбург сарайында Австрия азаттық партиясының жыл сайынғы бал кешін өткізуге қарсылық шеруі кезінде қақтығыс болған. Полиция оқиғадан зардап шеккен екі адамның бірі құқық органының өкілі екенін және 38 адам ұсталғанын хабарлады.

Акцияға бес мыңға жуық адам қатысқан. Шеруге шыққандардың кейбірі полиция орнатқан бөгетті бұзып өтпек болған.

Демонстранттар Австрия азаттық партиясын ксенофобияны қоздырып отыр деп айыптап, олар ұйымдастырған балға қатысушылардың арасында неонацизмді қолдаушылар мен жергілікті және шетелдік экстремистер бар деп мәлімдеген. Балды ұйымдастырушылар бұл айыптауды жоққа шығарған.

Хофбург сарайы бұрынғы заманда Габсбургтер әулетінің қысқы резиденциясы болған. Жыл сайын осы мезгілде Венада көптеген саяси партиялар өздерінің дәстүрлі бал кештерін өткізеді.

XS
SM
MD
LG