Accessibility links

Әскери-әуе күштері сержанттары АҚШ-та дайындықтан өтеді


Қазақстандық сарбаздар әскери жаттығу кезінде. (Көрнекі сурет)

Қазақстандық сарбаздар әскери жаттығу кезінде. (Көрнекі сурет)

Алдағы жылдан бастап Қазақстанның әскери әуе күштерінің сержанттары АҚШ-та арнайы курстардан өтетін болады деп хабарлады бүгін Қазақстан қорғаныс министрлігі.

Ресми ақпаратқа сәйкес, қазақстандық әскерилер АҚШ әскери-әуе күштерінің техникалық мектептері мен сержанттық құрамға арналған орталықтарындағы мамандар даярлау әдістерімен жақын танысып, ондағы іс-тәжірибені Қазақстанда енгізуге мүмкіншілік алмақ.

Бұндай уағдаластық екі мемлекеттің әскери-әуе күштері сержанттық құрамдарының осы аптада Астанада өткен жиынында жасалған деп хабарлайды қорғаныс министрлігі.

Қаңтардың 26-сы мен 30-ы аралығында өткен ол жиынға алғаш рет АҚШ қарулы күштері үш түрінің жоғарғы сержанттық құрамының өкілдері қатысқан болатын.

XS
SM
MD
LG