Accessibility links

Астанада Қазақ хандығының 550 жылдығына арнап жарысты


«Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына 550 метр» флешмоб-жарысына қатысушылар. Астана, 31 қаңтар 2015 жыл.

«Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына 550 метр» флешмоб-жарысына қатысушылар. Астана, 31 қаңтар 2015 жыл.

Бүгін Астанада «Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына 550 метр» деген атаумен флешмоб-жарыс ұйымдастырылды.

Астанадағы «Қазақ елі» монументі алдында өткен бұл шараға бес жүзге жуық тұрғын жиналды. Ескерткіш алдында 550 метрді жүгіріп өткен жарысқа қатысушылардың арасында Қазақстан альпинистері құрама командасының капитаны Мақсұт Жұмаев, Гинестің рекордтар кітабына жеті мәрте енген белгілі желаяқ Марат Жыланбаев та болды.

Қазақстанның әуесқой триатлон федерациясы мен Астана әкімдігі бірлесіп ұйымдастырған жарысына қатысқандардың бәрі жеңімпаз атанды.

Былтыр күзде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылы қазақ мемлекеттілігіне 550 жыл толатынын және оны атап өту керектігін айтқан соң, көп ұзамай, елде мерекелік шараларға дайындық жұмыстары басталып кеткен еді.

XS
SM
MD
LG