Accessibility links

Аштық жариялаған Рамазан Есіргепов ауруханаға түсті


«Журналистер қауіп-қатерде» қоғамдық қорының жетекшісі Рамазан Есіргепов.

«Журналистер қауіп-қатерде» қоғамдық қорының жетекшісі Рамазан Есіргепов.

Алматыда сот шешіміне қарсылық акциясына қатысып жатқан «Журналистер қауіп-қатерде» қоғамдық қорының жетекшісі Рамазан Есіргепов бүгін ауруханаға түскен. Ол сот шешімімен жабылған «ADAM bol» журналының бас редакторы Гүлжан Ерғалиеваның аштық акциясына қаңтардың 26-сы күні қосылған еді.

Есіргепов бүгін кардиологиялық орталығына жатқызылған.

Азаттық тілшісі онымен телефон арқылы сөйлесіп, хал-жағдайын білді. Рамазан Есіргепов дәрі алған соң өзін қалыпты сезінетінін айтты. Гүлжан Ерғалиеваның талабын қолдау жөніндегі штаб Есіргеповке аштық акциясын тоқтату туралы өтініш жасаған.

Рамазан Есіргеповтің өзі бұл туралы Азаттыққа былай деді:

– Дәрігерлер ағзама дәрі салған соң мен аштықты доғарған болып саналамын. Денсаулық жағдайым қалай боларын әлі байқап көреміз. Бірақ, қалай болғанда да, бұл күресте Гүлжан Ерғалиеваға қолдау танытуымыз керек.

«ADAM bol» журналының бас редакторы Гүлжан Ерғалиева басылымды жабу және одан «жала жапқаны үшін» бір имамның пайдасына ірі көлемде айыппұл өндіріп алу туралы сот шешіміне қарсылық ретінде қаңтардың 19-ынан бері Алматыда аштық акциясын жариялап жатыр.

XS
SM
MD
LG