Accessibility links

Украинада соңғы тәулікте 15 сарбаз мерт болған


Донецк облысы Дебальцево қаласындағы қираған үйдің орны. (Көрнекі сурет)

Донецк облысы Дебальцево қаласындағы қираған үйдің орны. (Көрнекі сурет)

Украинаның шығысындағы ұрыстар барысында соңғы тәулікте 15 украиналық әскери қаза тауып, 33 адам жараланған. Бұл туралы брифинг кезінде Украина армиясы басшылығының өкілі Андрей Лысенко мәлімдеді.

Жұма күні Дебальцево қаласын атқылау салдарынан үш адам мерт болып, жетеуі жараланған.

Соңғы үш тәулікте Дебальцево мен оның маңындағы қалалардан мыңға жуық жергілікті тұрғын эвакуацияланған. Украинаның төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызметі бүгін қалада электр қуаты, су, жылу және байланыс жоғын хабарлады. Құтқарушылар күн сайын аймаққа гуманитарлық жәрдем жеткізіп отыр.

Өзін өзі жариялаған «Донецк халық республикасы» (ДХР) сепаратистері бұған дейін Дебальцеводағы украин әскерилерін қоршауға алғандары туралы мәлімдеген еді. Украина армиясының басшылығы бұл ақпаратты растаған жоқ. «Ақпараттық қарсылық» тобының жетекшісі Дмитрий Тымчук ДХР аймақта өз күшін еселеп жатыр деп хабарлады.

Дебальцевоның маңындағы Углегорск қаласында шайқастар жүріп жатыр.

XS
SM
MD
LG