Accessibility links

Гонконгте әділ сайлауды талап еткен шеру өтті


Наразылық акциясына шыққандар «Мен жалпыға бірдей әділ сайлау болғанын қалаймын» деген жазу ұстап тұр. Гонконг, 1 ақпан 2015 жыл.

Наразылық акциясына шыққандар «Мен жалпыға бірдей әділ сайлау болғанын қалаймын» деген жазу ұстап тұр. Гонконг, 1 ақпан 2015 жыл.

Бүгін Гонконгте мыңдаған адам билікке демократиялық талаптар айтып көшеге шықты. Былтыр желтоқсанда полиция қала орталығында наразылар лагерін бұзғалы бері алғаш рет шеруге шыққандар қаржы мекемелері мен дүкендер орналасқан көшелермен жүріп өткен.

Наразылардың Гонконгте қайтадан шатыр тігіп, үкімет мекемелерінің жұмысына бөгет қоюына жол бермеу үшін олар шыққан көшелерде полиция бақылауы күшейтілді. Бірақ Гонконгте еркін және төте сайлаулар өткізу туралы талаптарын қайталаған қозғалыс жетекшілері былтырғыдай қарсылық акцияларын қайталау ниеті жоғын айтады.

Билікке наразылық акциясы Гонконгте 2014 жылы қыркүйектен желтоқсан айына дейін жалғасқан еді. Екі айдан астам уақытқа жалғасқан жаппай шерулер кезінде наразылар мен полиция арасында бірнеше рет қақтығыстар болған.

Қытай өкіметі Гонконгте 2017 жылға жоспарланған аймақ басшысын сайлау төте дауыс беру жолымен өтетіндігіне уәде бергенімен, кандидаттар Пекиндегі орталық биліктің келісімін алуы тиіс деген шарт қойған.

XS
SM
MD
LG