Accessibility links

Күрд жасағы Кобаниді ИМ тобынан азат етті


Соғыстан бүлінген Кобани қаласы. Сирия. 29 қаңтар 2015 жыл.

Соғыстан бүлінген Кобани қаласы. Сирия. 29 қаңтар 2015 жыл.

Күрдтер қарулы жасағы «Ислам мемлекеті» (ИМ) радикалды ұйымы содырларын Сирияның солтүстігіндегі Кобани қаласынан ығыстырып шығарған. Бұл туралы ИМ тобына қарсы коалициялық әскери-әуе күштерінің операциясына басшылық жасайтын АҚШ генералы Джеймс Терри мәлімдеді. Оның айтуынша, америкалық әуе күштерінің қолдауымен күрдтер жасағы қаланы өз бақылауына алған.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Кобани қаласын азат етуді өте маңызды оқиға деп атады. Ол ИМ содырлары Кобаниде жеңілгенін мойындауға мәжбүр болғанын айтқан.

Бұған дейін исламшылардың Aamaq жаңалықтар агенттігі таратқан видеожазбада екі содыр өздерінің қаланы тастап шегінуіне АҚШ бастаған коалиция күштерінің әуе соққысы негізгі себеп болғанын айтқан еді.

Күрд жасақтары Сирияның Түркиямен шекара маңындағы Кобани қаласын өз бақылауына алу үшін ИМ тобымен былтыр жаздан бері шайқасып жатыр.

XS
SM
MD
LG