Accessibility links

ШҚО-да қатты аяздан мектептерде сабақ тоқтады


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Шығыс Қазақстан облысының бірнеше ауданында қатты аязға байланысты мектептерде сабақ тоқтатылды.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Семейде -30 градус аяздан 1-11 сынып оқушылары мен колледж, лицейлердің 1-2 курс студенттеріне сабақ тоқтатылған. Зырян қаласында ауа температурасы -34 градусқа жетіп, 1-11 сынып оқушылары мен коллеждің 1-2 курс студенттеріне сабақ тоқтаған. Күршім, Тарбағатай аудандарында ауа температурасы -30 градустан төмендеп, 1-9 сынып оқушыларына сабақ тоқтаған.

Қатон-Қарағай және Бородулиха аудандарында да қатты аяздан 1-4 сынып оқушыларына сабақ тоқтаған.

XS
SM
MD
LG