Accessibility links

БҚО-да құбыр апатынан 12 ауыл газсыз қалды


Газ құбыры. (Көрнекі сурет)
Газ құбыры. (Көрнекі сурет)

Батыс Қазақстан облысында "Орынбор-Новопсков" газ құбырының 280-километрінде болған жарылыс пен өрт салдарынна 12 ауыл газсыз қалды деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

Құбырдағы жарылыс Белес және Переметное ауылдарының арасында ақпанның 2-сінде, жергілікті уақытпен таңғы сағат 4-тің шамасында болған. Артынша өрт шыққан. Диаметрі 1200 миллиметрлік құбырдағы өртті өшіру үшін құбырдың екі басы бекітілген. Жарылыстың неден шыққаны айтылмайды.

Апат салдарынан Зеленді ауданында тоғыз, Тасқала ауданында үш ауыл газсыз қалған.

Қазір төтенше жағдай қызметкерлері апат болған жерді бақылауға алып, ауылдарға газ берудің қамын жасап жатыр.

XS
SM
MD
LG