Accessibility links

Астанада наразылық танытқан екі әйелді полиция ұстады


Семей тұрғындары Гүлбаршын Бақтыбаева мен Рысқайша Керкімбаева (сол жақта) наразылық акциясында тұр. Астана, 2 ақпан 2015 жыл.

Семей тұрғындары Гүлбаршын Бақтыбаева мен Рысқайша Керкімбаева (сол жақта) наразылық акциясында тұр. Астана, 2 ақпан 2015 жыл.

Бүгін Астанадағы АҚШ елшілігіне жергілікті билік орындарының үстінен шағым айтып барған Шығыс Қазақстан облысының екі тұрғынын полиция ұстап әкетті.

Семей қаласының тұрғындары Гүлбаршын Бақтыбаева мен Рысқайша Керкімбева бүгін Астанадағы АҚШ елшілігінің алдында наразылық акциясын өткізбек болды. Бірақ, полиция оларды дереу ұстап алып кетті.

Гүлбаршын Бақтыбаеваның қызы Мөлдір Бақтыбаеваның Азаттыққа айтуынша, анасы несиеге алған үйін алып қойған банктің әрекетіне берген шағымын қараған сот шешіміне разы болмаған.

"Бас прокурор Асхат Дауылбаев, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров, «Ақ жол» партиясы төрағасы Азат Перуашевтің қабылдауында болдық. Олардан шығарып салма жауап естіп, үмітсіз қалғандықтан ел назарын аударту үшін осы елшіліктің алдында наразылық шарасын өткізбек болды" дейді Мөлдір Бақтыбаева.

АҚШ елшілігі маңынан ұсталған екі әйелді Астананың Алматы аудандық полиция бөлімінде екі сағат шамасында ұстаған соң, жазуы бар плакатты тәркілеп, өздерін босатқан.

XS
SM
MD
LG