Accessibility links

Моңғолия дзю-дошысы Қазақстан намысын қорғайды


Қазақстан азаматтығын алған моңғолиялық дзю-дошы Галбадрахын Отгонцэгцэг. (Сурет халықаралық дзю-до федерациясының сайтынан алынды)
Қазақстан азаматтығын алған моңғолиялық дзю-дошы Галбадрахын Отгонцэгцэг. (Сурет халықаралық дзю-до федерациясының сайтынан алынды)

Моңғолиялық дзю-дошы қыз Галбадрахын Отгонцэгцэг Қазақстан азаматтығын алып, осы елдің атынан жарыстарға қатысады.

Бұл туралы ақпанның 2-і күні Қазақстан дзю-до федерациясының вице-президенті Маратбек Мықтыбаев Астанада өткен брифингте мәлімдеді. Федерация өкілінің айтуынша, спортшының Қазақстан азаматтығын алуға Моңғолия дзю-до федерациясы қарсылық білдірмеген.

23 жастағы Галбадрахын Отгонцэгцэг 2011 жылдан бері Моңғолия құрамасында дзю-додан халықаралық жарыстарға қатыса бастаған. 48 килограмда бірнеше рет Моңғолия чемпионатының күміс жүлдегері атанған. Бұл салмақта Моңғолия құрамасында Мункхбатын Уранцэгцэг көшбасшы саналады. Уранцэгцэг әлемдік рейтингте үшінші, Отгонцэгцэг -бесінші орында тұр.

Галбадрахын Отгонцэгцэг Қазақстан құрамасы сапында тамызда Астанада өтетін әлем чемпионатына қатысады.

XS
SM
MD
LG