Accessibility links

"Арселор Миттал Теміртау" жалақыны қысқартты


«Арселор Миттал Теміртау» компаниясының ғимараты. (Көрнекі сурет)

«Арселор Миттал Теміртау» компаниясының ғимараты. (Көрнекі сурет)

"Арселор Миттал Теміртау" компаниясы экономикалық дағдарысқа байланысты жұмысшыларының жалақысын 25-50 пайыз аралығында қысқартқанын хабарлады.

Компания таратқан ақпаратта "күрделі геосаяси жағдай", "экономикалық өсімнің баяулауы" мен "тұтыну нарығындағы жағдайдың нашарлауынан" кәсіпорынның қаржылық қиындықтарға душар болғаны айтылған. Бұған қоса рубльдің құнсыздануынан компания өнімдерінің Ресей нарығында бәсеке қабылеттілігі кеміген.

Компания жалақының азаюын уақытша құбылыс деп атайды.

"Арселор Миттал Теміртау" - Қазақстанның тау-кен өндірісі саласындағы ең ірі кәсіпорын "Арселор Миттал" компаниясы құрамына кіреді. "Арселор Миттал Теміртау" компаниясына Теміртаудағы металлургия комбинаты, Қарағанды облысындағы сегіз көмір шахтасы, Қарағанды, Ақмола және Қостанай облыстарындғы темір өндіретін кеніштер қарайды.

XS
SM
MD
LG