Accessibility links

Содырлар енді Кобани маңынан да ығыстырылды


Кобанидің соғыстан қираған көшелерінің бірі. Сирия, 30 қаңтар 2015 жыл.
Кобанидің соғыстан қираған көшелерінің бірі. Сирия, 30 қаңтар 2015 жыл.

Күрд жасақтары мен бақылаушылардың мәліметінше, күрд әскері АҚШ бастаған коалицияның әуе күштерінің қолдауымен радикалды "Ислам мемлекеті" ұйымының содырларын Сирияның Кобани қаласының солтүстігіндегі елді мекендерден ығыстырып шығарған. Содырлар Кобани қаласының өзінен өткен аптада шегінген.

Күрд әскери қолбасшылығының хабарлауынша, "Ислам мемлекетінің" содырлары "толықтай күйрейін деп тұр" және Кобаниге апаратын аймақтардағы позицияларын қорғай алмайды.

Syrian Observatory for Human Rights ұйымы ақпанның 1-інен бастап 13 елді мекен аза етілгенін және содырлардың қарсылық көрсетіп жатпағанын айтады.

Коалицияның әскери-әуе күштері өткен тәулікте Сирия мен Иракта "Ислам мемлекеті" содырларына қарсы 27 соққы берген, оның тоғызы Кобанидің айналасындағы содырларға бағытталған.

XS
SM
MD
LG