Accessibility links

Пәкістан қанатты зымыранын сынақтан өткізді


Пәкістанның зымыран сынағы
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:34 0:00

ВИДЕО: Пәкістан "Раад" қанатты зымыранын сынақтан өткізді. 2 ақпан 2015 жыл.

Пәкістан әскерилері ақпанның 2-сінде ядролық және басқа да оқтұмсықтар алып ұша алатын қысқа қашықтықтағы зымыранын сынағанын хабарлады.

Әскерилердің ақпараты бойынша, Пәкістанда жасалған "Раад" қанатты зымыраны радиусы 350 километрге дейінгі қашықтыққа түрлі маневр жасап ұша алады. Қорғаныс министрлігінің сынаққа қатысты таратқан мәлімдемесінде қанатты зымыранның "Пәкістанның құрлық пен теңіздегі стратегиялық қорғаныс қабылетін арттыратыны" айтылған. Зымыран технологиясы тек бірнеше елде ғана жасалған.

Бұдан бірнеше күн бұрын Пәкістанмен көрші Үндістан да алыс қашықтыққа ұшатын, мобильді құрылғыдан басқарылатын баллистикалық зымыранын сынақтан сәтті өткізгенін хабарлаған еді.

Пәкістан мен Үндістан 1998 жылы ядролық қару сынақтарын қатар өткізген. Екі ел 1947 жылы Ұлыбританиядан тәуелсіздік алғалы бері өзара үш рет соғысты. Оның екеуі даулы Кашмир аймағына қатысты таластан туындаған.

XS
SM
MD
LG