Accessibility links

Пәкістанның зымыран сынағы


Пәкістан қарулы күштері ақпанның 2-сінде ядролық және басқа да оқтұмсықтар алып ұша алатын қысқа қашықтықтағы зымыранын сынағанын хабарлады. Әскерилер таратқан ақпаратта Пәкістанда жасалған "Раад" қанатты зымыраны радиусы 350 километрге дейінгі қашықтыққа түрлі маневр жасап ұша алатыны айтылған. Бұдан бірнеше күн бұрын Пәкістанмен көрші Үндістан да алыс қашықтыққа ұшатын, мобильді құрылғыдан басқарылатын баллистикалық зымыранын сынақтан сәтті өткізгенін хабарлаған еді.

XS
SM
MD
LG