Accessibility links

Венадағы қос шеру


Австрия астанасында өткен «Pegida» анти-исламдық қозғалысының шеруіне бірнеше жүз адам шықты. Ал оған қарсы шараға бірнеше мың адам қатысты. «Pegida» шеруіндегілер «Еуропаны исламдандыруға қарсы» ұран көтерсе, қарсы жиын өткізгендер Еуропада «фашизмге жол жоқ» екенін айтқан. Қарама қайшы ұстанымдағы екі шара кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 1200-ге жуық полиция қызметкері жұмылдырылған. Қарсылас тараптар бір бірін сынап, айғайлағанымен, шерулер барысында ұрыс-жанжал болмаған. 2 ақпан 2015 жыл.

XS
SM
MD
LG