Accessibility links

Сапарбаев "Арселор Миттал Теміртауға" ескерту жасады


«Арселор Миттал Теміртау» компаниясының ғимараты. (Көрнекі сурет)

«Арселор Миттал Теміртау» компаниясының ғимараты. (Көрнекі сурет)

Қазақстан вице-премьері Бердібек Сапарбаев егер "Арселор Миттал Теміртау" өз жұмысшыларына жалақысын толық көлемде төлемесе компания жеңілдіктер мен преференциялардан қағылатынын ескертті. Бұл туралы Сапарбаев Қарағандыда өндірістік процестерді тұрақтандыру мәселелеріне қатысты өткен жиында айтқан.

Сапарбаевтың айтуынша, үкімет компания басшылығына жеңілдіктер жасамайды. Компания алдымен Қазақстан заңдарына мойынсұнуы тиіс.

"Арселор Миттал Теміртау" әкімшілігі кеше компания құрамына кіретін кәсіпорындардағы жұмысшылар жалақысы 25-тен 50 пайызға дейін қысқартатынын хабарлаған. Компания басшылығы бұрын бекітілген тарифтік үстеме мен жалақыны көбейту туралы бұйрықтың күшін де жойған.

Компания жалақыны қысқартуға "күрделі геосаяси жағдай", "экономикалық өсімнің баяулауы" мен "тұтыну нарығындағы жағдайдың нашарлауынан" кәсіпорынның қаржылық қиындықтарға ұшырауы себеп болды деп түсіндіреді.

Компания жалақының азаюын "уақытша құбылыс" деп атаған.

XS
SM
MD
LG