Accessibility links

Микеланджело жасаған мүсіндер


Микеланджело жасаған мүсіндер
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:34 0:00

Кембридж музейінің сарапшылары Қайта өрлеу дәуірінің көрнекті өкілі Микеланджело қоладан жасаған екі туындыны анықтағандарын хабарлады. Бұған дейін әйгілі шебердің қолынан шыққан мүсіндердің ешқайсысы сақталмаған деп саналып келген еді. Биіктігі бір метрге жуық екі статуяда қабыланға мінген екі ер адам бейнеленген. Микеланджело мен оның шәкірттерінің көптеген жұмыстарын зерттей келе, британ мамандары осы уақытқа дейін басқа адамдарға телініп жүрген бұл мүсіндердің авторы Микеланджело деген байлам жасаған. Зерттеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр, оның түпкілікті қорытындысы шілде айында жарияланбақ.

XS
SM
MD
LG