Accessibility links

HRW: Екі зымыран шабуылына сепаратистер кінәлі


Мариупольдегі зымыран шабуылынан қаза тапқан адамның денесін тексеріп жатқандар. Украина, 24 қаңтар 2015 жыл.
Мариупольдегі зымыран шабуылынан қаза тапқан адамның денесін тексеріп жатқандар. Украина, 24 қаңтар 2015 жыл.

Human Rights Watch (HRW) халықаралық құқық қорғау ұйымы таяуда Шығыс Украинада 40-тан астам бейбіт тұрғын қаза тапқан соңғы екі зымыран шабуылын ресейшіл сепаратистер жасауы мүмкін деп мәлімдеді.

Нью-Йоркте орналасқан халықаралық ұйым ақпанның 3-інде таратқан хабарламасында, тексерулер нәтижесі сепаратистер атқан басқарылмайтын зымыран шабуылынан қаңтардың 13-інде Донецк облысының Волноваха елді мекенінде автобусқа снаряд түсіп 12 бейбіт тұрғынның, ал қаңтардың 24-інде Мариуполь қаласында 30 бейбіт тұрғынның қаза тапқанын көрсетіп отыр дейді.

HRW бұған қоса үкімет күштері атқан зымыраннан да қаңтардың 13-інде Донецк қаласында екі бейбіт тұрғын қаза тапқаны белгілі болып отырғанын айтады.

Ұйым қаңтардың 22-сінде Донецкіде 13 бейбіт тұрғынды мерт еткен шабуылға кім жауапты екені әлі анықталмады дейді. Ұйым қақтығыста екі тарап та үлкен аумаққа әсер ететін бомбаларды қолданып жатыр дейді.

Шығыс Украинада қақтығыс басталған өткен жылдың сәуірінен бері 5100-ден астам адам қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG