Accessibility links

Қазақ теннисшілері Федерация кубогына қатысады


Қазақстан теннисшісі Зарина Дияс Австралия ашық чемпионатында. Мельбурн. 21 қаңтар 2015 жыл

Қазақстан теннисшісі Зарина Дияс Австралия ашық чемпионатында. Мельбурн. 21 қаңтар 2015 жыл

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы 4-7 ақпанда Гуанчжоуда (Қытай) өтетін Федерация кубогына - Азия-Тынық мұхиты аймағындағы бірінші топ ойындарына қатысады.

Қазақстан құрамасының капитаны Дияс Досқараев құрамаға Зарина Дияс, Ярослава Шведова, Юлия Путинцева, Кәмила Керімбаеваны шақырған.

Қазақстан спортшылары А тобында Қытай, Тайпей, Таиланд құрамаларымен ойнайды. В тобында Жапония, Өзбекстан, Гонконг, Оңтүстік Корея теннисшілері кездеседі. Әр топтың бірінші орын алған құрамалары финалға шығып, жеңіске жеткені екінші әлемдік топтың плей-офф кезеңіне жолдама алады.

Қазақстан құрамасы 2014 жылы бұл кубоктың топтық кезеңінде Таиландтан ұтылып, финалға шыға алмаған.

XS
SM
MD
LG