Accessibility links

Канадада "ИМ-мен байланысы бар" күдікті ұсталды


"Ислам мемлекеті" ұйымы таратқан видеодағы канадалық Джон Магуайр.

"Ислам мемлекеті" ұйымы таратқан видеодағы канадалық Джон Магуайр.

Оттава полициясы террористік "Ислам мемлекеті" (ИМ) тобына мүше деген күдікпен бір ер адамды ұстаған. Құқық органдарының ресми мәлімдемесі бойынша, ұсталған 25 жастағы Авсо Пешдари "ИМ тобымен байланыс орнатып, террористерге болысқан" деген күдікке ілінген.

Бұған қоса "Ислам мемлекеті" ұйымы қатарына қосылу үшін елден кетіп қалды делінген канадалық екі азамат - 23 жастағы Кадар Калиб пен 24 жастағы Джон Магуайрге сырттай айып тағылған. Кейбір мәліметтер бойынша, Джон Магуайр содырлар таратқан видеожазбалардың бірінде көрінген, кейін оның көзі жойылған.

Канада полициясының дерегі бойынша, Пешдари Магуайрмен бірге канадалықтарды Сирияға жөнелтіп отырған.

XS
SM
MD
LG