Accessibility links

Ниццада полицияға шабуыл жасалды


Парижде еврей мектебін күзетіп тұрған сарбаздар. Қаңтар, 2015 жыл. (Көрнекі сурет)

Парижде еврей мектебін күзетіп тұрған сарбаздар. Қаңтар, 2015 жыл. (Көрнекі сурет)

Франция полициясы елдің оңтүстігіндегі Ницца қаласында еврей орталығы маңында ақпанның 3-і күні пышақпен қаруланған бір адам полицейлерге шабуыл жасағанын хабарлады. Шабуылдан патрульде жүрген екі полицей зардап шеккен. Олардың бірінің қолы, екіншісінің беті жараланған.

Шабуыл жасаған адам ұсталып, оны Парижде прокурорлар тергеп жатқаны хабарланды.

Қаңтардың 7-і мен 9-ы аралығында Париж бен оның маңында радикалды исламшыл содырлар шабуылынан 17 адам қаза тапқан соң еврей орталығы маңына әскер қойылып, қауіпсіздік шаралары күшейтілген.

Франция президенті Франсуа Олланд өткен жылдан бері елде еврейлерге қарсы әрекеттер екі есеге көбейгенін айтып, қаңтардағы шабуылдан соң антисемитизммен күресті күшейтуге уәде еткен.

XS
SM
MD
LG