Accessibility links

Прокуратура: "АрселорМиттал Теміртау" тексерілсін


«АрселорМиттал Теміртау» жұмысшылары. 26 сәуір 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

«АрселорМиттал Теміртау» жұмысшылары. 26 сәуір 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Қарағанды облыстық прокуратурасы еңбек инспекциясына "АрселорМиттал Теміртау" компаниясын жұмысшылар жалақысын қысқарту шешімінен соң еңбек заңдылығы сақталғанын тексеруді тапсырды.

Прокуратураның хабарлауынша, тексерісте заң бұзылғаны анықталса, "жұмысшылар құқығын қалпына келтіру шаралары" қолданылмақ.

Бұған дейін "АрселорМиттал Теміртау" әкімшілігі компания құрамына кіретін кәсіпорындардағы жұмысшылар жалақысы 25-тен 50 пайызға дейін қысқаратыны жайлы хабарлаған. Компания басшылығы бұрын бекітілген тарифтік үстеме мен жалақыны көбейту туралы бұйрықтың күшін де жойған.

Компания жалақыны қысқартуға "күрделі геосаяси жағдай", "экономикалық өсімнің баяулауы" мен "тұтыну нарығындағы жағдайдың нашарлауынан" кәсіпорынның қаржылық қиындықтарға ұшырауы себеп болды деп түсіндіреді. Компания жалақының азаюын "уақытша құбылыс" деп атаған.

Жұмысшылар кәсіподағы компания заң бұзып отыр деп, жалақының қысқаруымен келіспейтіндерін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG