Accessibility links

Иордания ИМ ісіне жауап ретінде екі адамды дарға асты


"Ислам мемлекеті" тобы содырларының иорданиялық ұшқыш Муаз әл-Касасбиді өлтіргені туралы видеодан скриншот. 3 ақпан 2015 жыл.
"Ислам мемлекеті" тобы содырларының иорданиялық ұшқыш Муаз әл-Касасбиді өлтіргені туралы видеодан скриншот. 3 ақпан 2015 жыл.

Иордания үкіметінің өкілі Мохаммад әл-Момани ирактық содыр әйел Сажида әл-Ришави мен тағы бір ирактық содыр Зияд Карболиге шығарылған өлім жазасы орындалғанын хабарлады.

Иордан үкіметі мен қауіпсіздік қызметінің ақпараты бойынша, әл-Ришави мен Зияд Карболи ақпанның 4-і күні таң ата дарға асылған.

Сажида әл-Ришави 2005 жылы Иордания астанасы Амманда қонақүйде болған үш жарылысқа қатысы бар деген айыппен бұған дейін Иордания сотының үкімімен өлім жазасына кесілген. Үш жарылыста ондаған адам қаза тапқан. "Әл-Қаида" террористік ұйымына мүше Зияд Карболи иорданиялық азаматты өлтірді деген айыппен 2008 жылы өлім жазасына кесілген.

Радикалды "Ислам мемлекеті" ұйымы ақпанның 3-інде желтоқсан айында ұсталған иорданиялық 26 жастағы әскери ұшқыш Муаз әл-Касасбиді өлтірілгені туралы видео жариялаған еді. Онда ИМ өкілі темір тордың ішінде отқа оранған адамның Муаз әл-Касасби екенін мәлімдейді.

Иордания Касасбидің өліміне дереу жауап қайтарылатынын мәлімдеген.

ИМ содырлары бұған дейін Иорданиядан қамауда отырған Сажида әл-Ришавиді Муаз әл-Касасбимен алмастыруды талап еткен видео жариялаған.

XS
SM
MD
LG