Accessibility links

Армения Ресейден Пермяковты беруді сұрады


Валерий Пермяков армян тергеушілеріне жауап беріп отыр. Гюмри, 22 қаңтар 2015 жыл.

Валерий Пермяков армян тергеушілеріне жауап беріп отыр. Гюмри, 22 қаңтар 2015 жыл.

Армения Гюмриде бір отбасының жеті мүшесін өлтірді деп айыпталған солдат Валерий Пермяковты беруді сұрап, Ресейге ресми түрде өтініш жолдады.

Арменияның бас прокуроры Геворк Костанянның ресейлік әріптесі Юрий Чайкаға жазған ресми өтінішінде Пермяковты Армения соты қарауына беруді сұраған.

2 ақпанда "Интерфакс" ақпарат агенттігі Пермяковтың соты Гюмридегі әскери базада болатынын мәлімдеген.

Арменияның Гюмри қаласында алты адам өлтірілгені 12 қаңтар күні таңертең анықталған еді. Мерт болған алты адам - ерлі-зайыптылар және олардың ұлы мен келіні, екі жасар немересі және жас қызы. Оқиға кезінде жарақат алған алты айлық ұл бала - Сережа Аветисян бірнеше күннен кейін ауруханада көз жұмған.

Бұл қылмысқа күдікті ретінде танылған ресейлік солдат Валерий Пермяков 13 қаңтарда Түркиямен шекарада ұсталған.​ Қазір тұтқындағы Пермяковке қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Гюмридегі оқиғаға байланысты Арменияның астанасы Ереванда және бірнеше қаласында ереуіл өтіп, жұрт Ресей туын өртемек болған.

XS
SM
MD
LG